Дана Уайт Ақ үй ауласындағы турнир туралы тіс жарды

Сарапшы, спорт журналисі

UFC президентінің айтуынша, жекпе-жек кеші UFC тарихындағы ең көп қаралған ивентке айналады. 

Дана Уайт Ақ үй ауласындағы турнир туралы тіс жарды
sports.ru

UFC президенті Дана Уайт АҚШ-тың 250 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын ерекше турнир туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Ақ үйдің оңтүстік бөлігіндегі көгалда өтетін жекпе-жек кеші UFC тарихындағы ең көп қаралған ивентке айналады. 

Ақ үйдегі тарихи турнир: дайындық қалай жүріп жатыр?

"Біз Ақ үйдің оңтүстік бөлігіндегі көгалдағы әр ағаштың орнын білеміз. Күннің қай уақытта қай тұсқа түсетінін де есептеп қойдық. Барлық логистика дайын. Бұл UFC тарихындағы ең көп қаралатын ивент болады деп сенеміз. Ол осы спортты бұған дейін көрмеген аудиторияға таныстырады. Мен үшін, басшылық үшін, қызметкерлер мен спортшылар үшін бұл мансабымыздағы ең ерекше түн болады", – деді Уайт.

"Тарихтағы ең мықты кард" жиналмақ

UFC басшысы турнир аясында промоушен тарихындағы ең үздік жекпе-жектер топтамасы ұсынылатынын да атап өтті. Оның айтуынша, файтерлер октагонға шығу үшін Ақ үйдің Сопақ кеңсе арқылы өтеді. 

UFC комментаторы Джон Аниктің айтуынша, Ақ үйде өтетін турнирде келесі жекпе-жектер өтуі мүмкін:

  • Том Аспиналл — Сирил Ган
  • Джошуа Ван — Тацуро Тайра
  • Хамзат Чимаев (қарсыласы кейін анықталады)
  • Алекс Перейра (қарсыласы кейін белгілі болады)
  • Петр Ян — Мераб Двалишвили

Турнир қашан өтеді?

Ақ үй аумағында ұйымдастырылатын жекпе-жек кеші 14 маусымда өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір