Реклама
Реклама

Қазақстан – Өзбекстан жекпе-жегі жойқын нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
13.02.2026, 20:55

Ақтөбедегі Alash Pride FC 118 ММА кешінде қазақстандық файтер Досбол Елеген жарқын жеңіске жетті. 

instagram/@dosbol_elegen

Жекпе-жек қалай өтті?

Жартылай жеңіл салмақта өткен айқаста Елегенге Өзбекстан өкілі Азизбек Омонов қарсы тұрды. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта-ақ мерзімінен бұрын аяқталды.

Кездесудің алғашқы бес минуттығының соңына таман Досбол қарсыласын қысымға алып, соққылар сериясын үдетті. Гонг соғыларға санаулы секунд қалғанда дәл апперкот дарытып, Омоновты таза нокаутқа түсірді. Нақ соққыдан кейін қарсылас артқа серпіліп, октагон төсенішіне құлады. Осы сәттен соң төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Нокаут сәтінің видеосы төменде.

Рекорд қалай өзгерді?

Бұл жеңістен кейін Досбол Елегеннің кәсіби көрсеткіші 10 жеңіс – 9 жеңіліс (10-9) болып жаңарды. Ал Азизбек Омонов мансабындағы төртінші жеңіліске ұшырап, рекорды 3-4 деңгейіне түсті.

Реклама
Реклама