Қарсыласын тұншықтырып жеңген Нұрхан Жұмағазының кезекті айқасы белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Отандасымыз 11 сәуірде Жапонияның Фукуока қаласында өтетін Rizin Landmark 13 турнирінде октагонға шығады.

Қарсыласын тұншықтырып жеңген Нұрхан Жұмағазының кезекті айқасы белгілі болды
Penalty.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Нұрхан Жұмағазы (10-1) жапониялық Rizin Fighting Federation ұйымындағы екінші айқасының күнін және қарсыласын білді.

Отандасымыз 11 сәуірде Жапонияның Фукуока қаласында өтетін Rizin Landmark 13 турнирінде октагонға шығады. Оның қарсыласы – жапониялық файтер Тенья Ёсимура (5-2). Айқас жеңіл салмақ дәрежесінде (71 келіге дейін) өтеді және үш раундқа жоспарланған.

Rizin-дегі алғашқы жеңіс

Еске салайық, Нұрхан Жұмағазы Rizin ұйымындағы дебютін 2025 жылғы 3 қарашада өткізді. Сол кездесуде қазақстандық спортшы жапониялық Тацуя Сайкуды (14-6) бірінші раундта тұншықтыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңді.

Жеңістен кейін Жұмағазы Rizin чемпионы болуды басты мақсат етіп қойғанын мәлімдеген еді.

Айта кетейік, Rizin лигасына дейін Нұрхан Жұмағазы қазақстандық Alash Pride промоушенінде өнер көрсетті. Жапониядағы сәтті дебюті оның халықаралық аренадағы позициясын нығайта түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір