Ризабек Айтмұхан ресейлік балуанды ұтып, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Бішкекте өткен Super 4 Wrestling халықаралық турнирінде топ жарды.
instagram/@rr1zabek
Финалда Ресей балуанын 3:0 есебімен жеңді
Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ресейлік балуан Алихан Кцоевпен белдесіп, 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Осылайша Ризабек турнирдің алтын жүлдесін иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық балуан жартылай финалда болгариялық Ахмед Батаевты да жеңіп, шешуші белдесуге жолдама алған еді.
Айтмұханның басты жетістіктері
Еске салсақ, 21 жастағы Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 2023 жылғы әлем чемпионы және Азия чемпионатында үш рет күміс жүлде алған (2023, 2024 және 2025).
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet