Реклама
Реклама

Ресейлік боксшы ауыр соққымен қарсыласын "ұйықтатты" (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
16.02.2026, 17:27

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы кәсіпқой бокс кешінде Австрия атынан жұдырықтасатын, тегі ресейлік Умар Джамбеков кезекті жеңісіне жетті. Ол мысырлық Ахмед Элбиалимен айқаста қарсыласын жойқын нокаутқа жіберді.

boxing247.com

Екінші раундтағы “ұйықтататын” соққы

Жартылай ауыр салмақтағы бұл кездесу Zuffa Boxing 03 шоуының ко-мейн ивенті ретінде Meta Apex аренасында ұйымдастырылды.

Кездесу 10 раундқа жоспарланғанымен толық қашықтыққа созылған жоқ. Джамбеков екінші раундта қарсыласын дәл соққымен терең нокаутқа түсіріп, айқын жеңіске жетті.

Осылайша Умар Джамбеков кәсіпқой рингтегі көрсеткішін 14 жеңіске жеткізді. Ал Ахмед Элбиали мансабындағы екінші рет жеңіліс тапты.

Шешуші сәттің видеосы төменде ұсынылған.

Джамбеков туралы қысқаша дерек

Айта кетейік, Умар Джамбеков Грозный қаласында (Ресей) дүниеге келген. Дегенмен әуесқой бокста Австрияның бірнеше дүркін чемпионы атанып, кейін кәсіпқой рингте де осы елдің атынан өнер көрсетіп жүр.

Реклама
Реклама