UFC Ақ үйде турнир өткізуді жоспарлап отыр. Ивент 2026 жылдың 14 маусымында — дәл сол күні 80 жасқа толатын Дональд Трамптың туған күнінде өтеді.
Испаниялық беделді журналист әрі инсайдер Альваро Колменеро әлеуметтік желідегі парақшасында UFC ұйымы жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион Илья Топурия мен 70 келіде уақытша белбеу иегері Джастин Гэтжи арасындағы ықтимал жекпе-жекті ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді.
Дереккөздің ақпаратына сүйенсек, промоушен бұл айқасты 14 маусым күні өткізуді жоспарлап отыр. Аталған күн АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай ұйымдастырылатын ауқымды мерекелік шаралармен тұспа-тұс келеді. UFC турнирін Ақ үй аумағында өткізу және дәл осы кездесуді кештің басты оқиғасы ету нұсқасы талқылануда. Егер келісім жүзеге асса, бұл ұйым тарихындағы ең ерекше кештердің біріне айналуы мүмкін.
29 жастағы Илья Топурия кәсіби мансабында әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Ол UFC-дің жеңіл салмақтағы толыққанды чемпионы және дивизиондағы ең қауіпті файтерлердің бірі саналады. Ал Джастин Гэтжи — дәл осы салмақта уақытша чемпион мәртебесіне ие тәжірибелі спортшы.
Оқи отырыңыз:
"Манчестер Юнайтед" "Баварияның" экс-бапкеріне көз тікті;
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлемдік элита қатарына қосылды;
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте үздіктер қатарына енді.