Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлемдік элита қатарына қосылды

Сарапшы, спорт журналисі

Отандасымыз әлемдік рейтингтегі тарихи ТОП-10 спортшы қатарына енді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Миланда өткен қысқы Олимпиада-2026 ойындарында алтын медаль жеңіп, аталған спорт түрінен ел тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанғаны белгілі. Соның арқасында отандасымыз әлемдік мәнерлеп сырғанау тарихындағы үздік он спортшының қатарына енді.

ТОП-10-ға не себепті енді?

Миландағы финалда Шайдоров еркін бағдарламасын мінсіз орындап, 291,58 ұпай жинады. Бұл – оның мансабындағы ең жоғары нәтиже.

Осы көрсеткіш Михаилды тек Олимпиада чемпионы ғана емес, әлемдік рейтингтегі тарихи ТОП-10 спортшы қатарына қосылуға мүмкіндік берді. 

Ұпайлар бойынша тарихи жетістік

Шайдоров бірден екі статистикалық көрсеткіш бойынша үздіктер тізіміне енді:

  • жалпы ұпай саны бойынша – 9-орын (291,58);
  • еркін бағдарламадағы ең жоғары нәтиже бойынша – 7-орын (198,64).

Бұл – Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихындағы бұрын-соңды болмаған нәтиже.

Әлемдік тарихтағы үздік ондық

Жалпы ұпай саны бойынша тарихтағы үздік он спортшы:

  1. Натан Чен (АҚШ) – 333,5
  2. Илья Малинин (АҚШ) – 333,81
  3. Юдзуру Ханю (Жапония) – 322,59
  4. Сёма Уно (Жапония) – 312,48
  5. Юма Кагияма (Жапония) – 310,05
  6. Адам Сяо Хим Фа (Франция) – 306,78
  7. Винсент Чжоу (АҚШ) – 299,01
  8. Ча Джу-Хван (Оңтүстік Корея) – 296,03
  9. Михаил Шайдоров (Қазақстан) – 291,58
  10. Марк Кондратюк (Ресей) – 286,56

Айта кетерлігі, осы тізімдегі спортшылардың тек екеуі ғана өз рекордтық нәтижесін Олимпиадада көрсеткен: Юма Кагияма (Бейжің-2022) және Михаил Шайдоров (Милан-2026).

Фото: ria.ru

2025 жылдан басталған серпіліс

2025 жылы Шайдоров техникалық деңгейін айтарлықтай күшейтті. «Төрт құрлық чемпионатында» ол 285,1 ұпай жинаса, бір айдан кейін әлем чемпионатында 287,47 ұпаймен күміс медаль иеленді. Миландағы 291,58 ұпай – сол прогрестің заңды жалғасы болды.

Қазақстан спорты үшін маңызы

Әлемдік рейтингтің басым бөлігін дәстүрлі мәнерлеп сырғанау мектептері қалыптасқан елдердің өкілдері құрайтынын ескерсек, қазақстандық спортшының бұл жетістігі ерекше бағаланады.

Сарапшылардың пікірінше, егер Шайдоров болашақта артистизм компонентін күшейтсе, оның ұпай көрсеткіштері бұдан да жоғары болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада чемпионы атанған отандасымыз жуырда қазақстандық жанкүйерлерге үндеу жасап, қолдау білдіргендері үшін алғысын айтқан болатын. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір