"Жеңіс әрдайым қуантады". Бибісара Асаубаева тағы да әлем чемпионын тізе бүктірді

Сарапшы, спорт журналисі

Бұл нәтиже қазақстандық спортшыға 2027 жылы Германияның Вайсенхаус қаласында өтетін фристайл-шахматтан әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін берді. 

"Жеңіс әрдайым қуантады". Бибісара Асаубаева тағы да әлем чемпионын тізе бүктірді
NUR.KZ

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева кезекті ірі жеңісіне қол жеткізді. Ол матчта әлемнің 12-чемпионы Александра Костенюкті тізе бүктірді.

Жеңіс және әлем чемпионатына жолдама

Бибісара Асаубаева бұл жетістігі туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Матчта 12-әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңдім. Жеңіс әрдайым қуантады, әсіресе ол Вайсенхаус-2027 фристайл-шахмат бойынша әлем чемпионатына қатысуға жолдама берсе. Керемет турнир үшін рақмет! Келесі жылы осында қайта оралуды асыға күтемін", – деп жазды шахматшы.

Бұл нәтиже қазақстандық спортшыға 2027 жылы Германияның Вайсенхаус қаласында өтетін фристайл-шахматтан әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін берді. 

Қарсыласы – гроссмейстер

Александра Костенюк – шахмат әлеміндегі танымал тұлғалардың бірі. Ол:

  • шахматтан 12-әлем чемпионы;
  • Ресейдің екі дүркін чемпионы (2005, 2016);
  • Еуропа чемпионы (2004);
  • Швейцария чемпионы (әйелдер арасында 2011–2015, ерлер арасында 2013);
  • Әйелдер арасындағы алғашқы Әлем кубогының жеңімпазы (2021);
  • Фишер шахматы бойынша әлем чемпионы (2006, 2008).

Қазақстан шахматы үшін маңызды нәтиже

Бибисара Асаубаеваның бұл жеңісі Қазақстан шахматының халықаралық аренадағы беделін нығайта түсті. Сарапшылардың пікірінше, жас гроссмейстердің тұрақты нәтижелері оны әлемдік элита қатарына жақындата түсуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір