Реклама
Реклама

Әліби Ыдырыстың UFC-дегі дебюті: қашан және қайда өтетіні белгілі

Сарапшы, спорт журналисі
18.02.2026, 16:00

Әліби Ыдырыс америкалық Оди Осборнға қарсы октагонға шығады.

pin-upsport.kz

Қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс әлемдегі ең беделді ММА ұйымы – Ultimate Fighting Championship (UFC) аясында алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Ол UFC Fight Night 267 турнирінде өнер көрсетеді.

Жекпе-жек қашан өтеді?

  • Күні: 22 ақпан (жексенбі)
  • Өтетін орны: Хьюстон, АҚШ
  • Басталу уақыты: шамамен 05:00 (Қазақстан уақытымен)

Әліби Ыдырыс америкалық Оди Осборнға қарсы октагонға шығады.

UFC келісімшарты қалай берілді?

Былтыр тамызда отандасымыз UFC турнирінде келісімшарт үшін жекпе-жек өткізген болатын. Сол кезде ол Джозеф Моралестен екінші раундта сабмишн әдісімен жеңіліс тапты. Соған қарамастан ұйым қазақстандық спортшының әлеуетін жоғары бағалап, оған төрт жекпе-жекке арналған келісімшарт ұсынды.

Әліби Ыдырыс туралы не белгілі?

  • Жасы: 31
  • Ел: Қазақстан
  • Рекорды: 10 жеңіс – 1 жеңіліс
  • Бойы: 167 см
  • Салмағы: шамамен 57 кг
  • Дивизион: аса жеңіл салмақ

Әліби Ыдырыс – панкратионнан Қазақстанның үш дүркін чемпионы. UFC-ге дейін ол Naiza Fighter Championship секілді аймақтық промоушендерде өнер көрсеткен.

Реклама
Реклама