Танымал лиганың қазақстандық файтерге қатысты шешімі дау тудырды

Сарапшы, спорт журналисі

7 ақпанда Дубайда өткен PFL Dubai турнирінде қазақстандық Саламат Исбулаев жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жекте лиганың бұрынғы чемпионы Хесус Пинедоны бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын. 

Танымал лиганың қазақстандық файтерге қатысты шешімі дау тудырды
sportilinet.kz

Қазақстандық ММА шебері Фаниль Рафиков PFL лигасының жаңартылған рейтингіне байланысты пікір білдіріп, ұйымның шешімін сынға алды. Бұл туралы Namys Fighting хабарлады.

Исбулаев нокаутпен жеңіске жетті

7 ақпанда Дубайда өткен PFL Dubai турнирінде қазақстандық Саламат Исбулаев жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жекте лиганың бұрынғы чемпионы Хесус Пинедоны бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Осы жеңістен кейін Исбулаев PFL рейтингісінде бесінші орынға көтерілді. Алайда Пинедо үшінші позициясын сақтап қалды.

Рафиковтың реакциясы

Фаниль Рафиков рейтингтегі бұл өзгерісті түсініксіз деп атады.

"Бұл логикаға сыймайды. Бір спортшы екіншісіне ұтылды, демек, кемінде бір сатыға төмендеуі керек еді. UFC мен өзге лигалардың рейтингтері белгілі бір жүйеге негізделеді, ал мұнда мүлде түсініксіз. ММА-да бір қағида бар – жеңген спортшы жеңілгеннен жоғары тұруы тиіс", – деді Рафиков.

Ол сондай-ақ рейтингті құрастырушылардың шешімі спорттық принциптерге сәйкес келмейтінін атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір