Реклама
Реклама

48 жастағы Флойд Мэйвезер рингке оралмақ

Сарапшы, спорт журналисі
21.02.2026, 21:11

Кәсіпқой бокста бес салмақта әлем чемпионы атанған Флойд Мэйвезер рингке қайта шығуға шешім қабылдады.

sportsnet.ca

Жекпе-жек қашан және қайда өтеді?

Мэйвезер – Тайсон кездесуі 25 сәуірге жоспарланып отыр. Өтетін орны ретінде Конго Демократиялық Республикасы аталады.

Мэйвезер алдағы кештерінің коммерциялық және медиа көрсеткіші жоғары болатынына сенімді екенін ашық айтты: көрермен саны, жаһандық аудитория, табыс тұрғысынан өз оқиғаларының ерекшеленетінін жеткізді. 

Жоспар мұнымен бітпейді: жазда "нағыз" кәсіби айқас болуы мүмкін

БАҚ-тағы мәлімет бойынша Тайсонмен жекпе-жектен кейін Флойд жаз айларында кәсіпқой рингке қайта шығып, тағы бір кездесу өткізуді жоспарлаған. Әзірге ықтимал қарсыластың есімі нақтыланбады. 

Флойд Мэйвезер кәсіпқой бокста ең соңғы жекпе-жегін 2017 жылы өткізіп, UFC жұлдызы Конор Макгрегорды нокаутпен жеңген. Сол кездесуден кейін оның рекорды 50-0 болып қалды

Тайсон да жақында қайта оралған: Джейк Полдан жеңілді

59 жастағы Майк Тайсон да соңғы жылдары қайта рингке шығып жүр. Ол 2024 жылы 15 қарашада Джейк Полмен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңілді. 

Реклама
Реклама