Қазақстандық файтердің UFC-дегі жекпе-жегі төрешілердің шешімімен аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Әліби Ыдырыс UFC октагонына шығып, жекпе-жек өткізді. Қарсыласы – тәжірибелі Оди Осборн.

Қазақстандық файтердің UFC-дегі жекпе-жегі төрешілердің шешімімен аяқталды (ВИДЕО)
Әліби Ыдырыс

Қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс (10-1) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Жекпе-жек қалай өтті?

Ол АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында өткен UFC Fight Night 267 турнирінде өнер көрсетіп, америкалық Оди Осборнмен (13-9) айқасты. Жекпе-жек аса жеңіл салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған болатын. Қорытындысында Ыдырыс төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Әліби Ыдырыс кәсіби мансабындағы он бірінші жеңісіне қол жеткізіп, UFC-дегі дебютін сәтті өткізді. Ал оның қарсыласы Оди Осборн профи-ММА-дағы оныншы жеңілісіне ұшырады.

Еске салайық, бұған дейін Ыдырыс UFC турнирінде жекпе-жек өткізген, алайда ол кезде тек промоушенмен келісімшарт алу мүмкіндігі сарапқа салынған еді. Кейін Әліби UFC ұйымымен төрт жекпе-жекке арналған келісімшартқа қол қойды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір