Реклама
Реклама

"Странджа-2026": Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан оза алды ма?

Сарапшы, спорт журналисі
02.03.2026, 08:45

Қазақстан құрамасы "Странджа кубогын-2026 турнирінде төрт алтын медаль жеңіп алған болатын. 

olympic.kz

Болгария астанасы Софияда өткен халықаралық бокс турнирі – "Странджа кубогы-2026" аяқталды. Бейресми түрде "кіші әлем чемпионаты"» деп аталатын додада Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте жоғары нәтиже көрсетті.

Төрт алтын медаль

Қазақстан боксшылары турнир қорытындысы бойынша төрт алтын медаль иеленіп, медаль кестесінде екінші орынға тұрақтады.

Жалпы есептің көшін Өзбекстан құрамасы жеті алтынмен бастады. Медаль кестесі төмендегідей қалыптасты:

  1. Өзбекстан – 7 алтын
  2. Қазақстан – 4 алтын
  3. Украина – 3 алтын
  4. Англия – 2 алтын
  5. Болгария – 2 алтын
  6. Косово – 1 алтын
  7. АҚШ – 1 алтын

39 боксшының алтауы финалға шықты

Биылғы турнирге Қазақстаннан бастапқыда 39 боксшы қатысты. Алайда шешуші кезеңге дейін тек алты спортшы жетті. Соның төртеуі чемпион атанды. 

Айта кетейік, "Странджа кубогы" – Еуропадағы ең көне халықаралық бокс турнирі. 2026 жылы жарыс 77-рет ұйымдастырылды. Дода дәстүрлі түрде әлемнің жетекші құрамаларын жинады. 

Реклама
Реклама