ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қазақстан "кіші әлем чемпионатында" неше медаль алды?

Қазақстан құрамасы Болгарияның София қаласындағы беделді халықаралық "Странджа кубогы" турниріндегі өнерін аяқтады.

Қазақстан "кіші әлем чемпионатында" неше медаль алды?
Instagram/@boxingkazakhstan

Ерлер құрамасының нәтижесі: 2 медаль

Қазақстанның ерлер командасы турнирде екі жүлдеге қол созды: 

  • 50 кг дейін — Даниял Сабит: алтын медаль
  • 70 кг — Фарух Тоқтасынов: күміс медаль

Әйелдер құрамасының нәтижесі: 7 медаль

Әйелдер командасы бұл жарысты жеті медальмен түйіндеді.

Алтын жүлде иегерлері:

  • 80+ кг — Валерия Аксёнова
  • 80 кг — Надежда Рябец
  • 54 кг — Элина Базарова

Күміс жүлде:

  • 65 кг — Лаура Есенкелді

Қола жүлде иегерлері:

  • 54 кг — Әнел Сақыш
  • 75 кг — Валентина Хальзова
  • 80+ кг — Дина Исламбекова

"Странджа кубогы" Еуропадағы ең көне бокс турнирлерінің бірі ретінде белгілі. 2026 жылы бұл жарыс 77-рет ұйымдастырылды. Биылғы турнирге бастапқыда Қазақстан атынан 39 боксшы қатысқанымен олардың алтауы ғана финалға дейін жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.