Даниял Сәбит Болгариядағы халықаралық турнирде алтын медаль иеленді.
Сәбитке 50 кг дейінгі салмақ дәрежесінде әзербайжандық былғары қолғап шебері Билалхабаши Назаров қарсы тұрды. Үш раунд қорытындысында төрешілер бөлінген шешіммен жеңісті қазақстандыққа берді.
Айта кетейік, Даниял Сәбит бұған дейін де халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсеткен:
"Странджа кубогы" Еуропадағы ең көне бокс турнирлерінің бірі саналады. 2026 жылы бұл дода 77-рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш жарыс көбіне әлемдік ірі дода алдындағы спортшылардың бабын байқап, рейтинг үшін маңызды турнир ретінде бағаланады.
Турнирге Қазақстан атынан бастапқыда 39 боксшы қатысқан. Дегенмен олардың ішінен алтауы ғана финалға дейін жетіп, чемпиондық белбеуге таласты.