Қазақстан грек-рим күресінен Тиранадағы рейтингтік турнирде төртінші орын алды.
Албания астанасы Тиранада өткен халықаралық рейтингтік турнирде грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады.
Қазақстандық балуандар турнир қорытындысы бойынша үш жүлде еншіледі:
Шермаханбет өз салмақ дәрежесінде сенімді күресіп, чемпион атанды. Ал Мұқашев пен Фидахметов жүлделі орынға ие болып, құраманың қоржынына маңызды медаль салды.
Турнирдің жалпы медаль есебінде көш басына Ресей құрамасы шықты. Ресей балуандары бес алтын, екі күміс және бес қола медаль жеңіп алды.
Екінші орынды екі алтын және үш қоламен Әзербайжан иеленді. Үздік үштікті Иран құрамасы қорытындылады — екі алтын, бір күміс және бір қола медаль.