Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Онда қазақстандық боксшылардың позицияларына қатысты бірқатар өзгеріс бар.
Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зәуірбек рейтингте бір саты төмендеп, екінші орыннан үшінші орынға сырғыды.
Бұл дивизионда:
Сұлтан Зәуірбектің позициясы өзгергенімен, ол әлі де титулдық жекпе-жекке басты үміткерлер қатарында.
Екінші орта салмақтағы Бек Нұрмағанбет рейтингте тоғызыншы орнын сақтап қалды. Бұл салмақта бірінші орында өзбекстандық Бектемир Меликузиев тұр, ал WBA әлем чемпионы – мексикалық Хосе Армандо Ресендис.
Жартылай орта салмақтағы WBA Asia чемпионы Руслан Мәдиев те оныншы орында қалды. Дивизион көшбасшысы – Шахрам Гиясов (Өзбекстан), ал әлем чемпионы – америкалық Роландо Ромеро.
"Қазақ жауынгері" атанған WBA Asia белбеуінің иегері Елшат Нығметолла жеңіл салмақ дәрежесінде тоғызыншы орнын сақтап қалды.
Бұл салмақтағы үздік үштік:
Ал WBA чемпионы – жапониялық Сейя Цуцуми.