Ташкенттегі турнир: Біздің жігіттер медальсыз қалды

Сарапшы, спорт журналисі

Бір дзюдошымыз финалдық кезеңге шыққанымен, шешуші белдесуде сүрініп, медальге қолжеткізе алмады. 

Ташкенттегі турнир: Біздің жігіттер медальсыз қалды
Sportbugin.kz

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан астанасында өткен Grand Slam Tashkent турнирін сәтсіз аяқтады. Дзюдошылар бірде-бір медаль иелене алмады. Команда сапынан финалдық блокқа тек бір спортшы шықты.

Қола жүлдеге бір қадам жетпеді

100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Ерасыл Қажыбаев шешуші кезеңге дейін жетті. Алайда қола медаль үшін белдесуде ол Әзербайжан өкілі Джамал Гамзатхановқа жол берді.

Осылайша қазақстандық ауыр салмақтағы балуан жүлдегерлер қатарына ене алмады.

Келесі турнир Австрияда өтеді

Қазақстандық дзюдошылар үшін келесі халықаралық жарыс 6–8 наурыз аралығында Австрияда өтетін Гран-при кезеңі болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір