Жуырда Испанияда жас дзюдошылар арасында ірі жарыс өткен болатын.
Испанияның Мостолес қаласында дзюдодан Еуропа кубогы аяқталды. Байрақты бәсекеге Қазақстан жастар құрамасы да қатысты. Спортшыларымыз одан құр қол қайтқан жоқ.
Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, қоржынға екі алтын және бір күміс медаль салды.
Қазақстандық жас дзюдошылар келесі салмақ дәрежелерінде чемпион атанды:
Екі спортшы да финалда сенімді өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті.
Ал 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Омар Нұрбергенов күміс жүлде иегері атанды.
Мостолестегі Еуропа кубогына 23 елден 503 спортшы қатысты. Дода жастар арасындағы халықаралық рейтингтік жарыстардың бірі саналады.