Дзюдодан Қазақстан құрамасы Хорватияның Дубровник қаласында өтетін European Cup сериясындағы халықаралық турнирге ресми өтінімін ұсынды.
Дубровниктегі жарыс қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше мәнге ие. Халықаралық татамиге Азиада, Grand Prix және өзге де ірі додаларда топ жарған Дидар Хамзадан (-90 кг) бөлек, соңғы уақытта көзден таса болған Данияр Шамшаев та қайта оралмақ.
Айта кетейік, Шамшаев Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін татамиге небәрі екі рет шыққан. Енді 24 жастағы балуан үшін бұл — қайта серпіліс жасап, ұлттық құрамадағы орнын нақтылайтын маңызды кезеңдердің бірі.
Шамшаев 2025 жылы Австриядағы Grand Prix турнирінде белдесіп, одан кейін Aktau Open жарысына қатысқан. Алайда екі бәсекеде де жүлделі үштікке ене алмады. Дубровник додасы — оның маусымдағы ең ірі сынақтарының бірі болмақ.
Ерлер
Әйелдер
Дубровниктегі European Cup турнирі 28–29 наурыз күндері өтеді.