Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлының бұрынғы титулына үміткерлер аталды

Сарапшы, спорт журналисі
11.03.2026, 10:22

Халықаралық бокс федерациясы допинг дауына байланысты қазақстандық боксшыны IBF белбеуінен айырған еді. 

sport.orda.kz

Бұған дейін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына тиесілі болған IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулына үміткерлер аталды. 

IBF титулы ресми түрде бос деп жарияланды

Boxingscene.com басылымының хабарлауынша, Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшыны мельдонийге байланысты оң допинг сынамасынан кейін чемпиондық белбеуден айырған.

Осы шешімнен кейін орта салмақтағы IBF әлем чемпионы атағы ресми түрде бос деп жарияланды. Қазіргі уақытта ұйым титулды кімнің сарапқа салатыны жөнінде соңғы шешім қабылдамаған.

Титул үшін негізгі үміткерлер аталды

Басылым мәліметінше, чемпиондық белбеу үшін ықтимал жекпе-жек Этиноса Олиха мен Шакил Томпсон арасында өтуі мүмкін.

  • Шакил Томпсон – IBF рейтингінде орта салмақта үшінші орында тұр.
  • Этиноса Олиха – рейтингте төртінші позицияда орналасқан.

Алайда бұл жекпе-жекті ұйымдастыру үшін қосымша келіссөздер қажет болуы мүмкін.

Реклама
Реклама