Дүйсехан Тұрар Таиландтың Пхукет қаласындағы халықаралық кәсіпқой турнирде чемпиондық белбеу иеленді.
66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
Титулдық кездесу Пхукеттегі Патонг стадионында ұйымдастырылды. Дүйсехан Тұрарға қарсы жергілікті файтер Таначат шықты.
Тартысты кездесу бірінші раундта-ақ аяқталды. Небәрі 10 секунд қалғанда қазақстандық спортшы шабуылды үдетіп, қарсыласын ауыр соққылар сериясымен қыспаққа алды.
Бас тұсына тиген дәл соққылардан кейін Таначат рингке құлап түсті. Ол орнынан көтеріле алмаған соң, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша Дүйсехан Тұрар кәсіпқой бокстағы дебюттік айқасында қарсыласын нокаутпен жеңіп, 66 келіге дейінгі салмақта International Champion титулын жеңіп алды.
Айта кетейік, 2025 жылдың қараша айында қазақстандық тайбоксшы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль еншілеген.