Реклама
Реклама

Елдос Сметовтың диагнозы белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 19:00

Қазақстандық дзюдошы, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың денсаулығына қатысты нақты ақпарат шықты.

instagram/@yeldos60kg

Таразда шағын операция жасалған

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев ел спортындағы басты жұлдыздардың бірі Елдос Сметовтің қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

Оның сөзінше, Олимпиада чемпионы жақында Тараз қаласында шағын операциядан өткен. Қырғызбаев бұл жайтты алғашында әлеуметтік желі арқылы білгенін, кейін спортшымен тікелей хабарласып, жағдайын анықтағанын жеткізді.

"Сметовтың жағдайын әлеуметтік желіден көрдім. Жақында ол Таразда шағын операция жасатты. Кеше ғана өзімен хабарласып, жағдайын сұрадым. Елеулі жарақат жоқ. Денесінде бір жара пайда болып, оны кесіп алып тастаған. Қазір Елдостың жағдайы жақсы", — деді Ғұсман Қырғызбаев.

Операция жайлы ақпарат 12 наурызда тараған еді

Айта кетейік, Қазақстандағы ең атақты дзюдошылардың бірі Елдос Сметовке операция жасалғаны туралы ақпарат 12 наурыз күні белгілі болған еді.

Елдос Сметов — Қазақстан дзюдосы тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі. Ол:

  • Париж-2024 Олимпиадасының алтын жүлдегері
  • Рио-2016 Олимпиадасының күміс жүлдегері
  • Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері
Реклама
Реклама