Реклама
Реклама

Фаниль Рафиков алдағы айқасқа дайындалу үшін шетел асты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:40

Сәуір айында отандасымыз ресейлік Андрей Гончаровпен күш сынасады. 

Vesti.kz

Қазақстандық ММА файтері Фаниль Рафиков алдағы маңызды жекпе-жекке дайындықты бастау үшін Осетияға аттанды.

Дайындық Солтүстік Кавказда өтеді

Рафиков Ресейдің Солтүстік Осетия өңіріне өзінің жаттықтырушысы, DAR Team өкілі Эдуард Базровпен бірге ұшып кетті. Команда жуырда спортшының жолға шыққан сәтінен бейнежазба жариялады.

"Darteam командамыздың бас бапкері Эдуард Базровтың бастауымен Фаниль Рафиков Fights Nights лигасында Андрей Гончаровқа қарсы өтетін жекпе-жегіне дайындықты Осетияда жалғастырады. Сонымен қатар, Мейірбек Есқазиев көмектесу ниетінде және мамыр айында NAIZA лигасында өтетін жекпе-жегіне дайындықты шыңдауға кірісті" - делінген әлеуметтік желіде жарияланған жазбада.

Жекпе-жек жайлы

Фаниль Рафиков пен ресейлік Андрей Гончаров арасындағы жекпе-жек Fight Nights лигасының жеңіл салмақтағы Гран-приінің жартылай финалы аясында өтеді. 

Кездесу сәуір айында Ростов-на-Дону қаласында ұйымдастырылады.

Реклама
Реклама