Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев алдағы маңызды айқас алдында дайындығын қызу жалғастыруда.
Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегіне тыңғылықты дайындалып жатыр. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығу сәттерінен үзінді бөлісіп, алдағы бокс кешінің жақындап қалғанын жеткізді.
Боксшы Instagram парақшасында жариялаған видеосына:
"Күн санап жақындап келеді. 9 мамырдағы үлкен шоу", — деген жазба қалдырған.
Жүкембаев 9 мамырда Ташкенттегі "Хумо Аренада" жергілікті боксшы Шохжахон Эргашевпен қолғап түйістіреді.
Бұл кездесу бокс жанкүйерлері үшін аса қызықты болғалы тұр. Себебі екеуіде кәсіпқой рингте дәлелдеген мықтылардың қатарында.
Боксшылардың рекорды:
Батыр Жүкембаев — 24 жеңіс, 1 жеңіліс, 17 нокаут
Шохжахон Эргашев — 26 жеңіс, 2 жеңіліс, 23 нокаут
Батыр Жүкембаев соңғы рет рингке былтыр сәуірде Астанада көтерілген. Сол кезде британиялық Кейн Гарднерді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.
Бұл жеңіс Жүкембаевтың кәсіпқой мансабындағы маңызды табыстарының бірі ретінде бағаланды.