Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлының салмағында сұмдық жекпе-жек өтті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:00

Caribe Royale Orlando аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Доминикан Республикасының өкілі Карлос Адамес америкалық Остин Уильямспен қолғап түйістірді.

dazn.com

Сәтті қорғалған титул

Адамес бұл кездесуде WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын бәске тікті. 12 раундқа жоспарланған айқас толық қашықтыққа созылып, төрешілер жеңісті бірауыздан Карлос Адамеске берді.

Төрешілер есебі мынадай болды:

  • 118-108
  • 117-109
  • 117-109

Жекпе-жектің екінші раундында Остин Уильямс нокдаунға түсті. Ал соңғы раундта Карлос Адамес белден төмен соққы жасағаны үшін айып арқалады.

Осылайша доминиканалық боксшы кәсіпқой рингтегі 25-жеңісіне жетіп, чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Ал Остин Уильямс мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады.

Бұл салмақта Жәнібек Әлімханұлы да жұдырықтасады

Айта кету керек, дәл осы орта салмақта қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы да өнер көрсетеді. Кәсіпқой рингте 17 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен отандасымыз дивизиондағы ең мықты боксшылардың бірі саналады.

"Қазақ стилі" лақап атымен танымал Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасына байланысты салынған дисквалификация мерзімін өтеп жатыр. Соның салдарынан IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылды, бірақ WBO белбеуін сақтап қалды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандық боксшының шаршы алаңға оралуы биыл желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Реклама
Реклама