Нұрбек Оралбайды Олимпиада алтынынан айырған боксшы кәсіпқой рингте дебют жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Украинаның Лесники қаласында өткен бокс кешінде Олимпиада чемпионы Александр Хижняк кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін өткізді. Оған колумбиялық боксшы Уилмер Барон қарсылас болды. 

Нұрбек Оралбайды Олимпиада алтынынан айырған боксшы кәсіпқой рингте дебют жасады
instagram/@khizhnyak_oleksandr

Мерзімінен бұрын аяқталған жекпе-жек

Алты раундқа жоспарланған кездесу толық қашықтыққа жеткен жоқ. Александр Хижняк айқасты бірден өз бақылауына алып, қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Осылайша украиналық боксшы кәсіпқой рингтегі мансабын сенімді жеңіспен бастады. Ал Уилмер Барон кәсіби карьерасындағы 14-жеңілісіне ұшырады.

Қазақстан жанкүйерлеріне таныс есім

Александр Хижняк қазақстандық бокссүйер қауымға жақсы таныс. Ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарының финалында Нұрбек Оралбайды жеңіп, алтын медаль иеленді. 

Айта кетейік, Хижняк әуесқой бокста да үлкен табысқа жеткен. Ол 2024 жылғы Олимпиада чемпионы және 2020 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір