Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC ұйымындағы ең үздік жеңілмегендер тізімінде көшбасшылық орнын сақтап қала алмады.
Осыған дейін Шавкат Рахмонов UFC ұйымындағы рекорды ең мықты жеңілмегендер қатарында ресейлік Мовсар Евлоев және эквадорлық Майкл Моралеспен бірге бірінші орынды бөлісіп тұрған.
Үшеуінің де көрсеткіші бірдей болған:
Бірақ Лондонда өткен UFC Fight Night 270 турнирінен кейін бұл жағдай өзгерді.
Аталған турнирде Мовсар Евлоев ағылшындық Лерон Мерфимен кездесіп, сенімді жеңіске жетті. Осылайша, ресейлік файтердің кәсіби рекорды 20-0 көрсеткішіне жетті.
Нәтижесінде Евлоев UFC-дегі ең үздік жеңілмеген спортшылар тізімінде жеке дара бірінші орынға көтерілді.
Ал Шавкат Рахмонов пен Майкл Моралес енді бұл тізімде екінші сатыға сырғыды.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет октагонға 2024 жылдың желтоқсан айында шыққан. Содан бері қазақстандық спортшы жарақатынан айығып, операциядан кейінгі қалпына келу кезеңін жалғастырып жатыр.
Сол себепті оның UFC-дегі рекорды әзірге өзгеріссіз қалып отыр.