Әлемнің екі дүркін чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтаспақ
25.03.2026, 15:42
Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген кубалық былғары қолғап шебері Йоэнлис Эрнандес Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.
boxingnews24.com
Барлық чемпионмен айқасуға дайын
Кубалық боксшының айтуынша, ол дивизиондағы кез келген чемпионға қарсы рингке шығуға әзір.
"Біз чемпиондардың кез келгенімен төбелесуге дайынбыз және соны қалаймыз. Егер мүмкіндік берілсе, оның ішінде Әлімханұлымен де жұдырықтасамыз", — деді Йоэнлис Эрнандес Fight Hype басылымына берген сұхбатында.
Әуесқой бокстағы жетістігі жоғары
Айта кетейік, Йоэнлис Эрнандес әуесқой бокста екі мәрте әлем чемпионы атанған. Ол бұл жетістікке 2021 және 2023 жылдары жетті.
28 жастағы боксшы кәсіпқой мансабын 2022 жылы бастаған. Қазір оның рекорды — 9 жекпе-жек, 9 жеңіс, оның 8-і нокаутпен аяқталған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама