Қазақстан vs Тәжікстан: Таразда кәсіби бокс кеші өтеді

Сарапшы, спорт журналисі

Айтулы шара наурыздың 28-іне жоспарланған. 

Қазақстан vs Тәжікстан: Таразда кәсіби бокс кеші өтеді
Sportnews.kz

Қазақстандық жас боксшы Әли Бауыржан келесі жекпе-жегін өткізетін болды. Ол Тәжікстан өкілі Раджабой Ахмедовке қарсы рингке шығады.

Кәсіби бокс кеші:

  • 28 наурыз күні;
  • Тараз қаласында өтеді.

Жекпе-жек екінші орта салмақ дәрежесінде ұйымдастырылады және төрт раундқа жоспарланған.

Қарсылас туралы не белгілі?

Әли Бауыржанның қарсыласы — тәжікстандық Раджабой Ахмедов. Бұл оның кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегі болады.

Қазақстандық боксшының кәсіби рекорды: 1 жеңіс (1 нокаут).

Ол өзінің алғашқы жекпе-жегін 2026 жылдың қаңтарында Өскемен қаласында өткізді. 

Сол кездесуде Әли отандасы Жалғас Самалбековты нокаутпен жеңді.