Арман Царукян жанжалды америкалықты тас-талқан етті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:56

Армениялық текті ресейлік файтер Арман Царукян балуан әрі блогер Джорджио Пулласпен қарымта белдесу өткізді. 

Instagram/@arm_011

Реванштың нәтижесі қандай болды?

Кездесу АҚШ-тың Тампа қаласындағы RAF 07 турнирі аясында ұйымдастырылды. Белдесу қорытындысы бойынша Арман Царукян қарсыласын 9:3 есебімен сенімді түрде ұтты.

Еске салайық, Царукян мен Пуллас алғаш рет 1 наурызда АҚШ-тың Аризона штатындағы RAF 06 турнирінде кездескен. Сол жолғы белдесу жанжалмен есте қалды.

Арман Царукян 5:3 есебімен жеңіске жеткен еді. Алайда қарсыласының бірнеше мәрте арандату әрекетінен кейін жекпе-жек соңы екі спортшының командалары араласқан жаппай төбелеске ұласты.

Арман Царукянның UFC-дегі орны

Қазір Арман Царукян UFC ұйымының жеңіл салмақтағы рейтингінде екінші орында тұр. Ол титулдық жекпе-жекке басты үміткерлердің бірі саналады.

Реклама
Реклама