Қазақ өзбек боксшысын жеңіп, WBC аймақтық белбеуін иеленді

Сарапшы, спорт журналисі

Тараздағы кәсіби бокс кешінде Дулат Бекбауов пен Абдурасул Исмоилов арасындағы маңызды жекпе-жек көрермен назарын аударды.

Қазақ өзбек боксшысын жеңіп, WBC аймақтық белбеуін иеленді
instagram/@bekbauovdulat

Таразда титул сарапқа салынды

Кештің қосалқы басты айқасында жартылай орта салмақтағы Дулат Бекбауов пен Абдурасул Исмоилов рингке көтерілді. Кездесу он раундқа жоспарланғанымен толық қашықтыққа созылған жоқ.

Жекпе-жектің екінші жартысында қазақстандық боксшы қарқынын күшейтіп, қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша Дулат Бекбауов WBC Greater Turan аймақтық белбеуін жеңіп алды.

Бұл жеңіс қазақстандықтың кәсіби мансабындағы үшінші табысы ретінде тіркелді. Ал Абдурасул Исмоилов кәсіби рингтегі төртінші жеңілісіне ұшырады.

Дулат Бекбауовтың жетістіктері

Дулат Бекбауов бұған дейін де әуесқой бокста жоғары нәтижелерімен көзге түскен. Ол:

  • 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері
  • 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері
  • Қазақстан чемпионатының үш дүркін жеңімпазы

Айта кетейік, осы бокс кешінде тағы бір қазақстандық Бектас Қасенай да өзбекстандық Бекмұрод Хакимовты ауыр айқаста жеңді.