Қазақстандық файтер Ресейдегі турнирде нокаутпен жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)
Қаныш Сейдазым Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен IBA Bare Knuckle 4 турнирінде жеңіске жетті.
Ресейдегі айқаста қалай жеңді?
Қазақстандық спортшы ресейлік Игорь Димовпен қолғапсыз жекпе-жек өткізді. Кездесуде Қаныш Сейдазым қарсыласынан именбей, мінез көрсетті.
Екінші раундта қазақстандық файтер әуелі қарсыласын нокдаунға түсірді. Артынша шабуылды үдетіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Төреші Сейдазымның жеңісін техникалық нокаутпен тіркеді.
Жекпе-жек неге сенсацияға айналды?
Бұл жеңіс көпшілік үшін күтпеген нәтиже болды. Турнирдегі көрермендер мен мамандар Қаныш Сейдазымның батыл өнеріне ерекше назар аударды. Қазақстандық файтердің дәл осы жекпе-жектегі камбэгі кештің ең жарқын сәттерінің біріне айналды.
IBA ұйымының баспасөз қызметі қазақстандықтың жеңісіне жоғары баға беріп, былай деп мәлімдеді:
"Ол бүкіл стадионды таңғалдырды! Лигадағы дебютанттың керемет камбэгі".