Қазақстан Азия чемпионатын жеңілістен бастады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:07

Жекпе-жек барысында Жазира Орақбаева жарақат алып қалды.

olympic.kz

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокс бойынша Азия чемпионаты-2026 Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз басталды.

Орақбаева жарысты ерте аяқтады

Қазақстандық боксшы Жазира Орақбаева (51 кг) турнирдегі алғашқы жекпе-жегін өткізді.

1/8 финал кезеңінде ол КХДР өкілі Кум Бёль Анға қарсы шықты. Алайда кездесу күтпеген жағдаймен аяқталды.

Жекпе-жек барысында Жазира Орақбаева жарақат алып қалды. Осыған байланысты кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылды. 

Қазақстан құрамасы турнирді жалғастырады

Айта кетейік, Азия чемпионаты-2026 10 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан атынан жарысқа 20 боксшы (10 ер, 10 әйел) қатысып жатыр. 

Реклама
Реклама