Азия чемпионаты: Бүгін екі боксшымыз жұдырықтасады
Жарыстың алғашқы күні рингке Жазира Орақбаева мен Элина Базарова шығады.
Бүгін, 30 наурыз күні, Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.
Қазақстан атынан кімдер шығады?
Жарыстың алғашқы күні рингке Қазақстан әйелдер құрамасының екі өкілі шығады:
- Жазира Орақбаева (51 кг)
- Элина Базарова (54 кг)
Жекпе-жектер кестесі
30 наурызға жоспарланған кездесулер:
- 51 кг: Жазира Орақбаева — Кум Бёль Ан (КХДР) — 3-жұп
- 54 кг: Элина Базарова — Прити (Үндістан) — 6-жұп
Жекпе-жектер өтетін сессияның басталуы — Астана уақытымен 09:00-де.
Турнир туралы
Азия чемпионаты-2026 Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтеді. Ол 10 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы бұл турнирде 20 боксшымен (10 ер, 10 әйел) қатысып жатыр.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.