Қазақстанның Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жектері жарияланды
Бокстан Ұлан-Батырдағы Азия чемпионатында қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары мен жекпе-жек күндері белгілі болды.
Турнир 30 наурызда басталып, 10 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан құрамасының ерлер және әйелдер арасындағы өкілдері әр салмақта құрлық додасындағы жүлделер үшін сынға түседі.
30 наурыздағы жекпе-жектер
- 51 келі: Жазира Орақбаева — Кум Бёл Ан (Солтүстік Корея)
- 54 келі: Элина Базарова — Прити (Үндістан)
31 наурыздағы жекпе-жек
- 60 келі: Римма Волосенко — Прия (Үндістан)
1 сәуірдегі жекпе-жек
- 60 келі: Оразбек Асылқұлов — Пол Джулифер Баскон (Филиппин)
2 сәуірдегі жекпе-жек
- 65 келі: Ертұған Зейноллинов — Ю Линь (Тайвань)
3 сәуірдегі жекпе-жектер
- 55 келі: Махмұд Сабырхан — Махди Аль-Машалех (Иордания) / Шахзод Музаффаров (Өзбекстан)
- 70 келі: Төрехан Сабырхан — Ён Су Ким (Оңтүстік Корея) / Шамшер Саидов (Тәжікстан)
4 сәуірдегі жекпе-жектер
- 50 келі: Санжар Тәшкенбай — Бекзат Эргешов (Қырғызстан) / Вишванат Суреш (Үндістан)
- 90+ келі: Айбек Оралбай — Бекнұр Хали (Моңғолия) / Арман Маханов (Өзбекстан)
- 65 келі: Лаура Есенгелді — Анкушита Боро (Үндістан)
- 75 келі: Валентина Хальзова — Суён Сон (Оңтүстік Корея)
5 сәуірдегі жекпе-жектер
- 75 келі: Сабыржан Аққалықов — Тайга Яги (Жапония)
- 80 келі: Ерасыл Жақпеков — Сағын Сатыбалды уулу (Қырғызстан) / Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан)
- 90 келі: Сағындық Тоғамбай — Хань Сюэчжэнь (Қытай)
- 48 келі: Әйгерім Сәттібаева — Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
- 57 келі: Ұлжан Сәрсенбек — Пунрави Руенрос (Таиланд) / Хьен Тран Нгуен (Вьетнам)
6 сәуірдегі жекпе-жектер
- 70 келі: Бақыт Сейдіш — Суджин Сон (Оңтүстік Корея) / Алимире Абудурейиму (Қытай)
- 80 келі: Надежда Рябец — Пуджа Рани (Үндістан)
- 80+ келі: Дина Исламбекова — Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
7 сәуірдегі жекпе-жек
- 85 келі: Нұрбек Оралбай — Бариахаан Дорж (Моңғолия) / Мохаммад Сулейман (Иордания)
Нұрбек Оралбай, Бақыт Сейдіш, Надежда Рябец және Дина Исламбекова құрлықтық біріншілікті жартылай финалдан бастайды. Демек олар кем дегенде қола жүлде еншілейді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.