Әлішер Абдуләлім Таразда WBA белбеуін жеңді

Сарапшы, спорт журналисі

Сонымен қатар, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы жеңіліссіз сериясын жалғастырды.

Әлішер Абдуләлім Таразда WBA белбеуін жеңді
offside.kz

Кәсіпқой бокста жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы Әлішер Абдуләлім мансабындағы алғашқы ірі жетістігіне қол жеткізді. Ол Таразда өткен бокс кешінде WBA Asia чемпиондық белбеуін иеленді.

Тараздағы басты жекпе-жек

Жекпе-жек Тараз қаласында RD Promotions ұйымдастырған бокс кешінің басты оқиғасы болды. Әлішер Абдуләлімге қарсы Қытайдан шыққан этникалық қазақ Есболат Серік (5-1, 3 КО) шаршы алаңға шықты. 10 раундқа жоспарланған кездесу соңына дейін жалғасты.

Жекпе-жек барысында Әлішер Абдуләлім бірінші нөмірмен жұмыс істеді. Техникалық және тактикалық артықшылығын көрсетті. Қарсыласынан белсенді әрі дәл соққыларымен ерекшеленді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Бұл айқас Әлішер Абдуләлім үшін кәсіби мансабындағы 8 жеңіс болды.

Қазақстан боксының жаңа жұлдызы

Айта кетейік, Әлішер Абдуләлім кәсіби боксқа жақында ғана ауысты. Бірақ қысқа уақытта жанкүйерлер назарын аударып үлгерді

Ол бұған дейін бірнеше жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған болатын. Соның бірінде үндістандық боксшыны 82 секундта нокаутқа жіберді.