Қазақстандық дзюдошы Еуропа кубогын иеленді

Сарапшы, спорт журналисі

Данияр Шамшаев Хорватиядағы European Cup халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды. 

Қазақстандық дзюдошы Еуропа кубогын иеленді
NUR.kz

Жеңіс қалай келді? 

Дзюдодан European Cup додасы Дубровник қаласында өтті. Жарыста ел намысын қорғаған тәжірибелі Данияр Шамшаев аса сенімді күрес көрсетіп, турнир жеңімпазы атанды. Қазақ балуаны чемпиондыққа барар жолда бес белдесу өткізді. 

Алғашқы айналымда Шамшаев хорватиялық Лука Катичтен басым түсті. Одан кейін Австрия өкілі Фирис Бен Саадты жеңді.

Плей-офф кезеңінде кімдерді ұтты?

Ширек финалда венгриялық татами шебері Акош Барзикайды жолынан тайдырды. Ал жартылай финалда тағы бір венгриялық Адам Калажды тізе бүктірді.

Финалда Шамшаев Франция өкілі Максим Гоберден басым түсті. 

Данияр Шамшаев туралы не белгілі?

Данияр Шамшаев — қазақстандық дзюдоның алдыңғы қатарлы өкілдерінің бірі. Ол халықаралық деңгейде бірнеше ірі жетістікке жеткен.

Туған күні: 2001 жылғы 13 тамыз
Туған жері: Тараз
Жетістіктері:
жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы (2021)
Азия чемпионы (2022)
"Grand Slam" кезеңдерінің екі дүркін қола жүлдегері (2023)
"Grand Slam" кезеңінің күміс жүлдегері (2023)
Азия чемпионатының қола жүлдегері (2024, командалық жарыс)
Атағы: Қазақстан Республикасының спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Қатысқан жарыстары: Азия ойындары (2023), Олимпиада ойындары (2024)