Қазақстан Азия чемпионатын жеңілістен бастады
Жекпе-жек барысында Жазира Орақбаева жарақат алып қалды.
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокс бойынша Азия чемпионаты-2026 Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз басталды.
Орақбаева жарысты ерте аяқтады
Қазақстандық боксшы Жазира Орақбаева (51 кг) турнирдегі алғашқы жекпе-жегін өткізді.
1/8 финал кезеңінде ол КХДР өкілі Кум Бёль Анға қарсы шықты. Алайда кездесу күтпеген жағдаймен аяқталды.
Жекпе-жек барысында Жазира Орақбаева жарақат алып қалды. Осыған байланысты кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Қазақстан құрамасы турнирді жалғастырады
Айта кетейік, Азия чемпионаты-2026 10 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан атынан жарысқа 20 боксшы (10 ер, 10 әйел) қатысып жатыр.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.