Қазақтың терминаторы Еркебұлан Тоқтардың қарсыласын жекпе-жекке шақырды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:00

Қазақстандық MMA файтері Мұратбек Қасымбай қырғыз спортшысы Марсель Нұрланбек уулуын октагонға шақырды.

instagram/@muratbek_kassymbay

Ашық үндеу

Бұған дейін Марсель Нұрланбек уулу төрешілер шешімімен Еркебұлан Тоқтарды жеңген. Осы кездесуден кейін Муратбек Қасымбай да қырғыз спортшысымен күш сынасқысы келетінін ашық айтты.

"Мен – сен қашатын адаммын! Егер көрермендерім осы жекпе-жекті көргісі келсе, Марсельді белгілей беріңдер", – деп жазды Қасымбай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еркебұлан Тоқтар мен Марсель Нұрланбек уулу жекпе-жегі қалай өтті?

Еске салсақ, Еркебұлан Тоқтар мен Марсель Нұрланбек уулуы арасындағы айқас демалыс күндері Ереванда Hype FC 28 турнирі аясында ұйымдастырылды. Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен қырғыз спортшысының пайдасына аяқталды.

Бұл кездесу қазақстандық жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды, себебі Еркебұлан Тоқтар соңғы жылдары елдегі pop-MMA және кәсіби MMA сахнасындағы ең танымал есімдердің біріне айналды.

Мұратбек Қасымбай кім?

Мұратбек Қасымбай — Қазақстандағы танымал MMA файтерлерінің бірі. 2021 жылы панкратионнан әлем чемпионы атанған. Сонымен қатар тек кәсіби ұйымдарда емес, pop-MMA форматындағы жекпе-жектерде де өнер көрсетіп жүр.

Оның әлеуметтік желідегі белсенділігі мен өткір мәлімдемелері жанкүйерлер назарын жиі өзіне аударады. Сол себепті Марсель Нұрланбек уулуымен болуы мүмкін айқас та қазірден қызу талқыға түсе бастады.

Реклама
Реклама