Ян – Двалишвили 3 жекпе-жегі күмән тудырды: грузиялық файтер ауыр жарақат алды

Сарапшы, спорт журналисі
02.04.2026, 18:35

UFC жанкүйерлері асыға күткен Петр Ян – Мераб Двалишвили 3 жекпе-жегі кейінге қалуы мүмкін.

championat.com

Жаттығу кезіндегі жарақат

Бұрынғы UFC чемпионы Мераб Двалишвили жаттығу барысында қарсыласының тізе соққысын өткізіп алып, мұрнын жарақаттап алды. Бұл туралы файтер өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, соққыдан кейін мұрын сынуы мүмкін деген күдік туған. Тыныс алуы қиындағандықтан толық тексерістен өтіп, рентген түсірген.

Дәрігерлер не деді? 

Кейін белгілі болғандай Двалишвилидің мұрны екі жерден сынған. Дәрігерлер оған операция жасауды ұсынғанымен бас тартты.

Спортшы бұл шешімін былай түсіндірді:

"Мұрным екі жерден сынған. Дәрігермен сөйлестім. Ол мұрынды түзету үшін алдымен басқа сүйектерді қайта сындыру керек екенін айтты. Ал толық жазылуға шамамен бір жыл кетеді. Сондықтан мен операциядан бас тарттым. Дәрігер мұны карьерам аяқталған соң жасаған дұрыс деді. Бірақ мен алдағы 20 жылда мансабымды аяқтауды жоспарлап отырғаным жоқ".

Янмен үшінші жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін бе?

Қазір жанкүйерлер күткен Петр Янмен үшінші кездесу өткізу жоспары бар. Алайда алынған жарақат жекпе-жектің нақты мерзіміне әсер етуі мүмкін.

Двалишвилидің жағдайы толық қалпына келмейінше, бұл кездесу ресми түрде бекітілмеуі ықтимал.

Реклама
Реклама