Қазақстан – Өзбекстан жекпе-жегі жеңімпазын төрешілер анықтады (ВИДЕО)
Ташкентте өткен Octagon 85 аралас жекпе-жек кешінде қазақстандық файтер Виталий Чернявский октагонға шықты.
Қазақстандық файтер алдын ала кардта төбелесті
ММА шебері Виталий Чернявский (2-1) турнирдің алдын ала кардында өнер көрсетті. Жеңіл салмақта оның қарсыласы өзбекстандық Изотилло Кобиров (3-1) болды.
Қос елдің файтерлері арасындағы бұл кездесу жанкүйерлер назарын аударды. Жекпе-жек үш раундқа созылып, толық уақытқа дейін жалғасты.
Жеңімпаз төрешілер шешімімен анықталды
Тартысты өткен айқастың қорытындысында төрешілер бірауыздан жеңісті Изотилло Кобировқа берді.
Осылайша Изотилло Кобиров мансабындағы төртінші жеңісіне жетті. Ал Виталий Чернявский кәсіби карьерасындағы екінші жеңілісіне ұшырады — 2-2
Octagon 85 турнирінің негізгі кешінде Қазақстан өкілі, жартылай орта салмақтағы чемпион Богдан Пшебельский (7-2) өзбекстандық файтер Шохасан Мирзаматовпен (16-4) күш сынасады.