Нұрислам Рысбай толық үш раунд төбелескенімен жеңіс қарсыласқа берілді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Ташкенттегі Octagon 85 турнирінде Қазақстан мен Өзбекстан файтерлері арасында тағы бір тартысты жекпе-жек өтті. 

Нұрислам Рысбай толық үш раунд төбелескенімен жеңіс қарсыласқа берілді (ВИДЕО)
instagram/@nurking__r

Рысбайға жеңіс бұйырмады

Қазақстандық ММА файтері Нұрислам Рысбай (2-1) жеңіл салмақта өзбекстандық Жахонгир Рохаталиевпен (1-0-1) кездесті.

Үш раундқа жоспарланған айқас толық уақытқа дейін жалғасып, екі файтер де соңына дейін күресті. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Жахонгир Рохаталиевке берді.

Осы нәтижеден кейін Нұрислам Рысбай кәсіби мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Жахонгир Рохаталиев өз рекордын жақсартып, екінші жеңісіне жетті. 

Octagon 85 турниріндегі басты кездесу

Айта кетейік, турнирдің басты жекпе-жегінде Қазақстан өкілі, жартылай орта салмақтағы чемпион Богдан Пшебельский (7-2) өзбекстандық тәжірибелі файтер Шохасан Мирзаматовпен (16-4) кездеседі.