ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Нью-Йорктегі қазақ Өзбекстанда титул үшін жұдырықтасады

Қазақстан тумасы, АҚШ-та өнер көрсетіп жүрген боксшы Димаш Ниязов Өзбекстанда ірі жекпе-жекте рингке шығады. 

Нью-Йорктегі қазақ Өзбекстанда титул үшін жұдырықтасады
Instagram/@v_astane_official

Ташкенттегі титул үшін жекпе-жек

Ресми мәліметке сәйкес, Ниязов Hype Fight ұйымының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады. Жекпе-жек 17 тамыз күні Ташкенттегі "Хумо Аренада" өтеді және кештің басты оқиғасы болады.

Қарсыласы — әлемге танымал америкалық стример әрі блогер Даррен Уоткинс. Айқас жартылай орта салмақта бокс ережесі бойынша өтеді.

Жылдамдық пен найзағай шайқасы

Жекпе-жекке қатысты ұйымдастырушылар оны ерекше қарсыласу ретінде сипаттауда:

"Бұл — жылдамдық пен найзағай текетіресі. Дәлдік пен агрессия. Рингтен біреуі ғана чемпион белбеуімен кетеді".

Ұйымдастырушылар бұл кешті тек спорттық оқиға емес, әлемдік жекпе-жек индустриясына әсер ететін шоу ретінде бағалап отыр.

Димаш Ниязов кім?

Димаш Ниязов — Шымкентте туған, бүгінде Нью-Йоркте тұратын кәсіби боксшы. Ол тек спортпен емес, қоғамдық қызметімен де танымал. Нью-Йорк полициясында қызмет етеді. 2017 жылы қаланың үздік полицейі атанған

ФОТО: nur.kz

Кәсіби рекорды: 14 жеңіс, 1 жеңіліс, 3 тең нәтиже. Сонымен қатар Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) оған қоғамға қосқан үлесі үшін "Әлем қаһарманы" атағын берген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.