Нұрислам Рысбай толық үш раунд төбелескенімен жеңіс қарсыласқа берілді (ВИДЕО)
02.04.2026, 19:57
Ташкенттегі Octagon 85 турнирінде Қазақстан мен Өзбекстан файтерлері арасында тағы бір тартысты жекпе-жек өтті.
instagram/@nurking__r
Рысбайға жеңіс бұйырмады
Қазақстандық ММА файтері Нұрислам Рысбай (2-1) жеңіл салмақта өзбекстандық Жахонгир Рохаталиевпен (1-0-1) кездесті.
Үш раундқа жоспарланған айқас толық уақытқа дейін жалғасып, екі файтер де соңына дейін күресті. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Жахонгир Рохаталиевке берді.
Осы нәтижеден кейін Нұрислам Рысбай кәсіби мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Жахонгир Рохаталиев өз рекордын жақсартып, екінші жеңісіне жетті.
Octagon 85 турниріндегі басты кездесу
Айта кетейік, турнирдің басты жекпе-жегінде Қазақстан өкілі, жартылай орта салмақтағы чемпион Богдан Пшебельский (7-2) өзбекстандық тәжірибелі файтер Шохасан Мирзаматовпен (16-4) кездеседі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама