Қазақ файтері гонгқа бір секунд қалғанда өзбекстандықты нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
02.04.2026, 21:56

Ташкенттегі Octagon 85 ММА турнирінде Арнұр Қабдолдаев әсерлі жеңіске жетті. 

instagram/@kabdoldaev__arnur

Соңғы сәтте аяқталған айқас

Арнұр Қабдолдаев (5-1-1) турнирдің алдын ала кардында өнер көрсетті. Жеңіл салмақтағы қарсыласы өзбекстандық Мансур Атаджонов (3-4) болды.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Қазақстандық файтер қарсыласын гонг соғыларға бір секунд қалғанда техникалық нокаутпен жеңді.

Төреші айқасты тоқтатты

Жекпе-жектің 4:59 минутында, яғни раундтың аяқталуына санаулы сәт қалғанда Қабдолдаев қарсыласының басына бірнеше дәл соққы жасады. Нәтижесінде төреші кездесуді тоқтатуға шешім қабылдады.

Бұл — кештің ең драмалық әрі есте қаларлық сәттерінің бірі болды.

Осы жеңістен кейін Арнуөр Қабдолдаев рекордын 6-1-1 деңгейіне жеткізді. Мансур Атаджонов кәсіби мансабындағы бесінші жеңілісіне ұшырады. 

Реклама
Реклама