Сабыржан Аққалықов АЧ-2026 жартылай финалына шықты (ВИДЕО)
05.04.2026, 15:13
Қазақстандық боксшы қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, медаль еншіледі.
olympic.kz
Қазақстан құрамасының боксшысы Сабыржан Аққалықов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты-2026 турнирінде сенімді жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз ширек финалда жапониялық Таига Ягимен кездесті. Оның қорытындысы бойынша Сабыржан Аққалықов 5:0 есебімен жеңіске жетті. Соның арқасында Сабыржан Аққалықов кем дегенде қола медальге ие болды.
Сабыржан Аққалықов — халықаралық деңгейде өзін дәлелдеген спортшы:
- Ересектер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2025, Дубай)
- Жастар арасындағы әлем чемпионы (2021).
Турнир туралы
Азия чемпионаты-2026:
- Ұлан-Батыр, Моңғолия
- 10 сәуірге дейін жалғасады
- World Boxing ұйымының аясында алғаш рет өтуде.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама