Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингтен шығарылды

Сарапшы, спорт журналисі
06.04.2026, 22:07

BoxRec сайты жуырда жаңартылған тізімді жариялады. 

juzmedia.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта дәрежесі бойынша BoxRec сайтының рейтингісінде көшбасшылық орнынан айырылып, тізімнен шығарылды.

Рейтингте жаңа көшбасшылар

BoxRec порталы жариялаған жаңартылған рейтингке сәйкес, орта салмақта жаңа көшбасшы:

  • Эрисланди Лара (Куба)
  • Карлос Адамес (Доминикан Республикасы)
  • Конор Бенн (Ұлыбритания)

Ал бұған дейін бірінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы рейтингтен мүлде алынып тасталды.

Себеп — дисквалификация

Бұл өзгерістер қазақстандық боксшының уақытша жарыстардан шеттетілуімен байланысты. Оған оң допинг-сынамасы себеп. Осыған байланысты отандасымыз 
2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін дисквалификацияға ұшырады. Осы уақытқа Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектерге қатыса алмайды.

Дегенмен, Жәнібек Әлімханұлы әлі де WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы. 

Айта кетейік, қазақстандық боксшы кәсіби мансабында жеңіліс көрмеген - 17 жеңіс. 

Реклама
Реклама