Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кім шығады?
Ұлан-Батырдағы АЧ-2026 жартылай финалында алты қазақстандық боксшы рингке шығады. Солардың бірі Өзбекстанға қарсы.
Бүгін, 7 сәуір күні, Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты-2026 турнирінде Қазақстан құрамасының алты боксшысы жартылай финалда өнер көрсетеді.
Күндізгі сессия: төрт жекпе-жек
Таңғы бағдарлама Астана уақытымен 09:00-де басталады. Бұл сессияда төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады:
09:15
- 48 кг: Айгерім Саттыбаева — Номундари Энх-Амгалан (Моңғолия)
10:15
- 75 кг: Сабыржан Аққалықов — Далай Ганзориг (Моңғолия)
10:30
- 85 кг: Нұрбек Оралбай — Бариахаан Дорж (Моңғолия)
11:00
- 90+ кг: Айбек Оралбай — Довлет Исламов (Түрікменстан)
Кешкі сессия: Қазақстан — Өзбекстан текетіресі
Кешкі сессия 14:00-де басталады. Бұл кезеңде екі қазақстандық боксшы финал жолдамасы үшін жұдырықтасады:
14:30
- 60 кг: Оразбек Асылқұлов — Абдурахмон Махмуджонов (Өзбекстан)
15:30
- 90 кг: Сағындық Тоғамбай — Халимжон Мамасолиев (Өзбекстан)
Жанкүйерлер барлық жартылай финалдық жекпе-жектерді "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көре алады:
Айта кетейік, бастапқыда Қазақстан құрамасынан жартылай финалға 13 боксшы шыққан болатын.
Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы:
Жеңіске жеткендер:
- Төрехан Сабырхан, Бақыт Сейдіш, Надежда Рябец, Дина Исламбекова
Жеңілгендер:
- Махмұд Сабырхан, Ертуған Зейнуллинов, Валентина Хальзова