Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кім шығады?

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 08:40

Ұлан-Батырдағы АЧ-2026 жартылай финалында алты қазақстандық боксшы рингке шығады. Солардың бірі Өзбекстанға қарсы. 

Vesti.kz

Бүгін, 7 сәуір күні, Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты-2026 турнирінде Қазақстан құрамасының алты боксшысы жартылай финалда өнер көрсетеді. 

Күндізгі сессия: төрт жекпе-жек

Таңғы бағдарлама Астана уақытымен 09:00-де басталады. Бұл сессияда төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады:

09:15

  •   48 кг: Айгерім Саттыбаева — Номундари Энх-Амгалан (Моңғолия)

10:15

  •   75 кг: Сабыржан Аққалықов — Далай Ганзориг (Моңғолия)

10:30

  •   85 кг: Нұрбек Оралбай — Бариахаан Дорж (Моңғолия)

11:00

  •   90+ кг: Айбек Оралбай — Довлет Исламов (Түрікменстан)

Кешкі сессия: Қазақстан — Өзбекстан текетіресі

Кешкі сессия 14:00-де басталады. Бұл кезеңде екі қазақстандық боксшы финал жолдамасы үшін жұдырықтасады:

14:30

  •   60 кг: Оразбек Асылқұлов — Абдурахмон Махмуджонов (Өзбекстан)

15:30

  •   90 кг: Сағындық Тоғамбай — Халимжон Мамасолиев (Өзбекстан)

Жанкүйерлер барлық жартылай финалдық жекпе-жектерді "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде көре алады:

Айта кетейік, бастапқыда Қазақстан құрамасынан жартылай финалға 13 боксшы шыққан болатын.

Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы:

Жеңіске жеткендер:

  •   Төрехан Сабырхан, Бақыт Сейдіш, Надежда Рябец, Дина Исламбекова

Жеңілгендер:

  •   Махмұд Сабырхан, Ертуған Зейнуллинов, Валентина Хальзова
Реклама
Реклама